Актюбинская область, г.Актобе,
МИКРОРАЙОН Алтын орда, 9/2
aktobe-sadik@mail.kz
8 (7132) 26-05-35
8 (7132) 26-05-04
Меңгерушінің ұялы телефоны: 87712305942
Вакансиялар

«Ақтөбе облыстық «Нектар» арнайы балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Алтын орда ауданы 9/2, индекс:030000, телефон: 8(7132)260535, 8(7132)260504, aktobe_sadik@mail.ru, инстаграмм aktobe-arnaiy.balabagwasy.kz, сайт: https://nektar-sadik.edu.kz/, enbek.kz.

Бос орын:
Орыс топқа штаттық кестеге сай 8 тәрбиеші;
Қазақ топқа штаттық кестеге сай 1 дефектолог-мұғалім;
Орыс топқа штаттық кестеге сай 3 дефектолог-мұғалім

Өтінім 11.09.2026ж- 21.09.2026ж. аралығында қабылданады.
Еңбек ақы келесі айдың онына төленеді.
Еңбек ақы мөлшері: тәрбиеші -190 490 тенге; дефектолог-мұғалім — 224 416 теңге.
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:
1.Еңбек өтілі 1 жыл
2.Білімі жоғары немесе арнаулы орта.
3.Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 7 жұмыс күнінен бастап есептелiнедi (жеті жұмыс күн ішінде) яғни, 11.09.2026ж. кұжаттарды қабылдау күнінен –21.09.2026ж. аяқталады, 22.09.2026 жылы конкурс қорытындысы жарияланады.

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы
11) Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Послание Президента
Государственные символы